«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»

«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»

«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» марафонына қатысыңыз!

⚜️Елімізде Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту және ұлттық «Кітап оқитын ұлт» бастамасын ілгерілету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылатын республикалық марафон басталды.

📘«Кітап оқитын ұлт» оқу марафоны аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты қосылған. Қатысушылар арнайы әзірленген тізімнен қазақ тіліндегі 15 немесе орыс тіліндегі 15 кітапты оқуы тиіс.

📖 Тізімге отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи әдебиеттер енгізілген. Бұл – ой-өрісті кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытатын, жаңа идеяларға шабыт беретін құнды туындылар.

🗓 Марафон 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз аралығында өтеді.

🏆 Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

Барлық мемлекеттік қызметшілерді марафонға қатысып, «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық қозғалысының бір бөлігі болуға шақырамыз! 📚

🔗 Кітаптар тізімі және қатысу шарттары: www.reading-nation.kz