Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының  сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Алматы облысы Райымбек ауданының мәслихаты аудандық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі №7 округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер туралы хабарлайды.

Мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын және учаскелік сайлау комиссияларын  аудандық сайлау комиссиясы құрады.

Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 14 тамыздан 29 тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның  қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта қол қойылған, мөрмен расталған және онда орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.  

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы              29 тамызға дейін дүйсенбіден жұмаға дейінгі күндері сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағ.12:30-ден 14:00-ге дейін.

 

 

Райымбек аудандық мәслихаты

Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы – С. Мүсірбаев

Мәслихаттың орналасқан жері:  Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22 үй.

Жауапты тұлға –  Зординов Рашид Нариманұлы, № 204 каб., қалааралық телефон коды (872779), қызметтік ұялы телефондарының нөмірі: 2-20-05, 8-777-213-11-68, электрондық пошта мекенжайы – raimbek_maslihat94@mail.ru