Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Тұрақты комиссия жұмыс жасауда
Бүгін, 15 мамырда, депутат И.Игесиновтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
 
Отырыста қалалық бюджет комиссиясының құрамын бекіту, 2025 жылғы жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы, қаламыздың газдандырылу барысы, жаз мезгіліндегі шомылу маусымына қалалық құтқару қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың дайындығы туралы сұрақтар қаралды.
 
Талқылау барысында қалалық бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы сұрағы мәслихат сессиясының қарауына жолданып, қалған сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.