Бүгін, 6 мамырда, депутат Г.Исканованың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін және Қонаев қаласының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы сұрақтар қаралды.
Талқылау барысында «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі қалалық мәслихат сессиясының қарауына, ал Қонаев қаласының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы қайта өңдеуге жолданды.