Бүгін, 18 сәуірде, қалалық мәслихаттың төрағасы Серік Нұрқадырұлы Нұрқадыровтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезекті ХХХХІІІ сессиясы өтті.
Сессияда 2024 жылғы Қонаев қаласы және ауылдық округтері бюджеттерінің орын далуы туралы Алматы облыстық тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысы, қалалық экономика және қаржы бөлімінің есебі тыңдалды. Берілген есепке сәйкес бюджеттің шығыс бөлігі 99,2%-ға, кіріс бөлігі 100,8%-ға орындалған.
Депутаттар бюджеттің орындалуы бойынша атқарылған жұмысты қанағаттанарлық деп танып, тиісті шешім қабылдады.