16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қонаев қаласының мәслихаты баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл мереке – Қазақстанның еркіндікке қол жеткізіп, бейбіт өмір сүруге деген ұмтылысының символы. Қазақстанның азаттығы мен болашағы үшін еңбек еткен барлық ұлы тұлғалардың еңбегін жоғары бағалап, әрбір қазақстандықтың тәуелсіздікке қосқан үлесі зор екендігін мақтан тұтамыз.

Тәуелсіздігімізді сақтау және нығайту әрбір азаматтың қасиетті борышы! Барша қазақстандықтардың бірігіп атқарған еңбегі арқылы ғана біз елімізді одан әрі дамытамыз.

Баршаңызға бақыт, денсаулық және еліміздің және қаламыздың одан әрі өркендеуіне үлес қосуда табыс тілейміз. Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін, еліміздің болашағы жарқын болсын!