Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау
Қонаев қаласының мәслихаты барша денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесі – Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтайды!
 
Осындай мерекелік күнде барлық дәрігерлеріміз бен мейірбикелерге, техникалық персоналға, денсаулық сақтау ардагерлері мен ұйымдастырушыларына, медициналық білім, ғылым, кәсіби медициналық қауымдастықтар қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз.
 
Адал ниетті еңбектеріңізбен, азаматтарымыздың денсаулығына деген ықылыс-қамқорлықтарыңызбен ең жылы, ең шынайы алғыс сөзге әбден лайықсыздар.
 
Құрметті дәрігерлер! Ауыр да жанкешті, мәртебелі жұмыста табыстарға жете беріңіздер. Отбасыларыңызға, туған-туыстарыңызға бақыт пен амандық тілейміз. Қоғамның сый-құрметіне бөлене беріңіздер!