31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
 
1997 жылдан бастап Қазақстанда 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып атап өтілуде. “Халық жауларын” анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті.
 
Біздің ендігі жерде борышымыз — осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау.
 
Халықты қынадай қырған ашаршылық пен жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні бүгінде жыл сайын еліміз бойынша аталып өтіледі. Бұл азаттықтың ақ таңы атқан дәуірде кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс күн болуы керек.