Бүгін Қонаев қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы өтті.
Көпшілік тыңдау барысында «Қонаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау және жаңа атау беру туралы» мәселе қаралды.
Жиында Қонаев қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Мұстафа баяндама жасап, қала аумағындағы бірқатар көшелерге атау беру жөніндегі ұсыныстарды таныстырды.
Атап айтқанда, 10 шағын аудандағы Центральная көшесіне Нұрлыбай Абайұлдановтың есімін беру, сондай-ақ «Восточный» шағын ауданындағы атаусыз көшелерге Сырлыөзен, Жайлыкент, Ынтымақ, Саржайлау, Өрлеу, Мұра, Қоңыржел, Бірлік, «Арна» шағын ауданындағы Өскенөңір және Сәулетті атауларын беру мәселелері қаралды.
Көпшілік тыңдау қорытындысы бойынша қабылданған шешім негізінде аталған мәселе одан әрі қарау және тиісті шешім қабылдау үшін Қонаев қаласы мәслихатының сессиясына жолданатын болады.
Көпшілік тыңдауға мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.