Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін, 5 маусымда, қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Айман Ғалымжанқызы Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІV сессиясы өтті. Сессия Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.
 
Күн тәртібіне шығарылған сұрақ – сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу. Аталған мәселе бойынша депутаттар бірауыздан тиісті шешім қабылдады.