
Қонаев қаласының мәслихаты баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің айғағы, ел бірлігі мен ұлттық рухтың символы. Рәміздерімізге деген құрмет – Отанға деген құрмет.
Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі асқақтай берсін! Әр шаңыраққа амандық, береке және бейбіт өмір тілейміз!