
Қонаев қаласы мәслихаты барлық бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды!
Балалар – біздің болашағымыз, өміріміздің мәні мен сәні. Әрбір баланың бақытты балалық шақта өсіп, сапалы білім алып, жарқын болашаққа қадам басуы – баршамыз үшін маңызды.
Осы мерекеде барша бүлдіршінге зор денсаулық, шаттық, көтеріңкі көңіл-күй және бақытты балалық шақ тілейміз! Әр шаңырақ балалар күлкісіне толы болсын!