Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
Бүгін, 20 мамырда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты С.Нұрқадыров азаматтарды қабылдады.
 
Қабылдау барысында көп балалы ана жеке мәселесі бойынша жүгінді. Өтініш иесінің айтуынша, 8 жыл бойы тұрған тұрғын үй кезегінен заңсыз түрде алып тастау фактісі бойынша көмек сұралды.
 
Депутат азаматшаның өтінішін назарға алып, мәселенің мән-жайын жан-жақты зерделеу және заңдылығын анықтау мақсатында құзырлы мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолданатынын жеткізді.
 
Аталған мәселе бақылауға алынып, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.