Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
Бүгін, 20 мамырда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты И.Игисенов азаматтарды қабылдады. Қабылдау Ақөзек ауылында ұйымдастырылды.
 
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Азаматтарды толғандырған сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.
 
Мұндай кездесулер халықпен кері байланысты нығайтып, жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.