Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
Бүгін, 13 мамырда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Р.Иштиряков азаматтарды қабылдады.
 
Қабылдауға көп балалы аналардың «Ана сәулесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысып, депутатты мерекелермен құттықтап, бірлесіп атқарылған жұмыстар үшін алғыстарын білдірді.
 
Сонымен қатар, қабылдау барысында 20-ықшамаудан тұрғыны газ желісіне қосылу мәселесін көтерді. Азаматтың өтініші қаралып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселенің шешу жолдары нақтыланды.
 
Сондай-ақ, тағы бір тұрғын науқас баласының оңалту еміне байланысты қаржылай көмек көрсету мәселесі бойынша жүгінді. Қабылдау барысында азаматқа мәселені шешудің мүмкін жолдары түсіндіріліп, тиісті бағыт-бағдар берілді.
 
Азаматтарды қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына ерекше назар аударылып, әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірулер берілді.