
Қонаев қаласының мәслихаты баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл – ерлік пен батырлықтың, отансүйгіштік пен бірліктің мерекесі. Майданда жан аямай күрескен ардагерлеріміздің ерлігі мен тылда еңбек еткен жандардың қажырлы еңбегі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге.
Бүгінгі бейбіт өмір мен тәуелсіз еліміздің тыныштығы – сол бір сұрапыл соғыс жылдарындағы батыр бабаларымыздың жанқиярлық ерлігінің жемісі. Сондықтан Ұлы Жеңістің тарихи маңызы ешқашан ұмытылмайды, ал ардагерлерге деген құрмет әрдайым биік болмақ.
Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етеміз. Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!