Бүгін, 15 сәуірде, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Қ.Ахметтаев азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға Ақөзек ауылының тұрғыны келді. Ол ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған ана. Кездесу барысында баласын оңалтуға көмек көрсету мәселесін көтеріп, сондай-ақ инватакси қызметіне қатысты бірқатар проблемаларды жеткізді.
Депутат қолданыстағы заңнама аясында материалдық көмек көрсету тәртібін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар көтерілген өзге де мәселелер бойынша тиісті органдармен бірлесіп, қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізілетін болады.
Барлық өтініштер бақылауға алынды.