Қонаев қаласы мәслихатының кезекті LХІІ сессиясы өтеді
Өтетін күні/уақыты: 2026 жылғы 23 сәуір, сағат 12.00.
Өтетін орыны: Қонаев қаласы, 1-ықшамаудан, №28а, қалалық кітапхананың мәжіліс залы.
2026 жылғы 23 сәуір, сағат 12.00-де Қонаев қаласы мәслихатының кезекті LХІІ сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібінде:
- 2025 жылға арналған Қонаев қаласы және Шенгелді ауылдық округінің бюджеттерінің атқарылуы туралы./ Баяндайтындар: Қ. Есенаманов - Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, Л. Келдібекова – «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, А. Ракишева - қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
- Қонаев қаласының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы. / Баяндайтын: Д. Майсабеков - «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жұмылдыру дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы бөлімінің басшысы.
- «Қонаев қаласы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қонаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 11-38 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы./ Баяндайтын: Е. Лепесбаев - «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 627 қаулысымен бекітілген Алматы облысы Қонаев қаласының
Бас жоспарына (негізгі ережелерді қоса алғанда) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдау туралы./ Баяндайтын: Б. Мұсылманбеков - «Алматы облысы сәулет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Қонаев қаласы бойынша жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді қарау бойынша жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы./ Баяндайтын: А. Нұрпейсова - «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а.
- Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» № 60-203 шешіміне өзгерістер енгізу туралы./ Баяндайтын: А. Жумаш – Қонаев қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы.