Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
Бүгін, 08 сәуірде, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Р.Иштиряков азаматтарды қабылдады.
 
Қабылдауға 20-шағынауданның тұрғыны келіп, аталған аумақтағы өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда:
- «Комфорт» тұрғын үй кешенінің аумағында салынып жатқан жерасты автотұрағына байланысты жер асты сулары көтеріліп, жақын орналасқан жеке тұрғын үйлердің аумағына шығуда;
- аяқталмаған, қараусыз қалған ғимарат антисанитариялық жағдайдың және қоқыс жиналатын орынға айналған.
 
Қабылдаудан кейін депутат тұрғынмен бірге аталған мәселелерді өз көзiмен көру мақсатында оқиға орнына барды.
 
Көтерілген мәселелер бақылауға алынды. Тиісті органдармен бірлесіп, шешу жолдары қарастырылатын болады.