Бүгін, 18 ақпанда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Р.Джарлаев азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға келген қала тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға арналған тарифтердің уақытылы бекітілмеуі және тұрғындардан жиналатын қаражат көлеміне сәйкес қызметтердің толық көлемде көрсетілмейтіні жөнінде шағымдар айтылды.
Сонымен қатар, «Құрылысшы» саяжайындағы жолдың жағдайы да тұрғындарды алаңдататыны жеткізілді. Жолдың сапасы мен қатынау мүмкіндігі де ерекше назарға алынды.
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Аталған мәселелер депутаттың бақылауына алынды.