Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда

Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда
Бүгін, 11 ақпанда, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LIХ сессиясы өтті.
 
Күн тәртібіне ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету шаралары, ұлтаралық келісімді сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру, Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру Кеңесінің құрамын бекіту, Қонаев қаласының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізу туралы сұрақтар шығарылып қаралды.
 
Барлық сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.