Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін, 30 қаңтарда, қалалық мәслихаттың төрағасы Серік Нұрқадырұлы Нұрқадыровтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LVІIІ сессиясы өтті.
 
Сессияның күн тәртібіне бір ғана мәселе шығарылды - Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы С.Нұрқадыровты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты қалалық мәслихаттың төрағалығынан босату.
 
Сессия барысында аталған мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды.