Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
Бүгін, 28 қаңтарда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты А.Қамбарова азаматтарды қабылдады.
 
Қабылдауға келген қала тұрғындары көп қабатты тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға байланысты белгіленген тарифке қатысты өз наразылықтарын білдірді.
 
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Аталған мәселелер депутаттың бақылауына алынды.