Бүгін – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні.
Дінмұхамед Ахметұлы – ел тарихында өшпес із қалдырған, халқына адал қызмет еткен дара тұлға. Оның басшылығы кезеңінде Қазақстанның өнеркәсібі, ғылымы, мәдениеті мен білімі қарқынды дамыды.
Ел тарихында айрықша орны бар бұл ұлы тұлғаның есімі біздің қаламызға беріліп, мәңгілікке жаңғырып отыр. Бұл – Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстанның дамуына, халықтың игілігіне сіңірген өлшеусіз еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі.
Қонаев есімімен аталған қаламыз – еңбекқорлықтың, тұрақтылық пен даму жолының символы. Ұлы тұлғаның өмір жолы мен елге қызмет ету өнегесі қала тұрғындары үшін әрдайым мақтаныш пен тағылым болып қала береді.
Ұлы тұлғаның рухына тағзым ете отырып, оның еңбегі мен мұрасын әрдайым құрметпен еске аламыз.