Бүгін Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы С.Нұрқадыров және қалалық мәслихат депутаттары Б.Алтаев, Р.Иштиряков «Қамқор жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігіне арнайы барып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Балалардың жүзіндегі қуанышты күлкі, көздеріндегі шаттық — осы кездесудің ең басты сыйы болды. Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды. Осындай мейірімге толы сәттер жүректерге үміт пен қуаныш сыйлайды.
Балаларымыздың әр күні шаттыққа толы болып, армандары орындала берсін! Жаңа жыл баршаңызға бақыт, денсаулық және жақсылық әкелсін!