
Бүгін, 3 қарашада, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Б.Алтаев азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында ерекше күтімді қажет ететін баланың анасы баласын оңалтуға көмек сұрады.
Сондай-ақ, «Томирис» жалғызбасты аналар қоғамдық бірлестігінің мүшелері балаларды «Жаңа жылдық ғажайып» мерекелік акциясы аясында балаларға сыйлық алуға көмек көрсетуді сұрады.
Барлық өтініштер мен ұсыныстар назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады.