Бүгін, 27 желтоқсанда, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста Қонаев қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету, Қонаев қаласында жұмыс істейтін көпқабатты тұрғын үйлерді басқарушы ұйымдардың қызметі туралы, Қонаев қаласындағы ветеринариялық қызметтің жұмысы, Қонаев қаласының кешенді даму жоспарының іс-шараларының орындалуы, Қонаев қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекіту, сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы кейбір ведомствоаралық комиссия құрамдарына өзгеріс енгізу туралы сұрақтары қаралды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң қалалық мәслихаттың төрағасы С.Нұрқадыровтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LІV сессиясы өтті.
Отырыс барысында Қонаев қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшері 2% төмендетілді, Қонаев қаласы әкімдігінің дербес құрамы бекітіліп, қала әкімдігі жанындағы кейбір ведомствоаралық комиссия құрамдарына өзгеріс енгізілді, ал қалған сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.