ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы облысы Қонаев қаласы мәслихаты жаңадан құрылған №1034 сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысының Қонаев қаласының мәслихаты №1034 учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамының қалыптасатыны туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 9 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссия құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) сайлау комиссияның құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары қосымша 4 сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері өтініш мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 9 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Қонаев қаласының мәслихаты

Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы - С.Н. Нұрқадыров.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй.

Жауапты адам - Мейіргүл Жолдасбайқызы Аметова, № 311 каб., қалааралық телефон коды (872772), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 41283, 87084593713, электрондық пошта мекенжайы - qonaev.maslikhat@mail.ru.

Қалалық мәслихат жаңадан құрылған №1034 учаскелік сайлау комиссиясына жаңа мүшені сайлайды:

 

 

Сайлау комиссия атауы

Сайлау комиссия орналасқан объектісінің атауы

Сайлау комиссияның мекен-жайы

Бос орындардың саны

1

№ 1034 учаскелік сайлау комиссиясы

№54179 әскери бөлімі

Шеңгелді ауылының №54179 әскери бөлімі

5