АНОНС

АНОНС

Қонаев қаласы мәслихатының кезекті LІV сессиясы өтеді

Өтетін күні/уақыты: 2025 жылғы 27 қараша, сағат 11.00.

Өтетін орыны: Қонаев қаласы,1 ықшамауданы, 28 А ғим., КММ «Қонаев қаласының кітапханасы».

2025 жылғы 27 қарашада, сағат 11.00-де Қонаев қаласы мәслихатының кезекті LІV сессиясы өткізіледі.

Күн тәртібінде:

  1. Қонаев қаласының кешенді даму жоспарының іс-шараларының орындалуы туралы. /Баяндайтын: Т.Кенжебеков – Қонаев қаласы әкімінің орынбасары.
  2. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы. / Баяндайтын: И.Игисенов – қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссисыяның төрағасы
  3. Қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы. / Баяндайтын: А.Ракишева – қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөненідегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
  4. Қонаев қаласы әкімдігінің дербес құрамы туралы./ Баяндайтын: Р.Шахарбек - Қонаев қаласы әкімі аппаратының басшысы.
  5. Қонаев қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы. / Баяндайтын: Б.Елеуов - «Қонаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  6. Қонаев қаласы мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы құрамын бекіту туралы» №32-113 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. / Баяндайтын: Д. Майсабеков - «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жұмылдыру дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы бөлімінің басшысы.
  7. Қонаев қаласы мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі «Қонаев қаласының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» №32-114 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. / Баяндайтын: Д. Майсабеков - «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жұмылдыру дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы бөлімінің басшысы.
  8. Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы «Қонаев қаласы бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 45-154 шешіміне өзгерістер енгізу туралы./ Баяндайтын: Л. Келдібекова – «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  9. Қонаев қаласы мәслихатының «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» 2024 жылғы 2 ақпандағы №18-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. / Баяндайтын: Б.Азикенов – Қонаев қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы.