Бүгін, 5 қарашада, депутат И.Игисеновтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста қалалық инфрақұрылым объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жетілдіру, Қонаев қаласында жұмыс істейтін көпқабатты тұрғын үйлерді басқарушы ұйымдардың қызметі туралы, сондай-ақ қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы сұрақтары қаралды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң қалалық мәслихаттың төрағасы С.Нұрқадыровтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LІІІ сессиясы өтті.
Отырыс барысында қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы сұрағы бекітіліп, қалған сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.