
Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары!
Қонаев қаласының мәслихаты Сіздерді ұлт мерейін асырып, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктеткен ұлық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн — мемлекетіміздің дербес даму жолын таңдаған тарихи сәтті айқындайтын, әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын мереке.
Отанымыздың өркендеуі мен тәуелсіздігіміздің нығаюы жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, зор денсаулық және отбасылық амандық тілейміз.
Бірлігіміз бекем, еліміз еңселі, болашағымыз жарқын болсын!