Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
Бүгін, 22 қазанда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты А.Ракишева азаматтарды қабылдады.
 
Қабылдау барысында қала тұрғындары өздерін мазалаған мәселелермен бөлісті. Қабылдауға келгендердің бірі "Гүлдер" шағын ауданының тұрғыны. Ол иесіз жүрген иттердің көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Аталған аймақта иттердің үйірімен жүруі ата-аналар мен қарт кісілерге қауіп төндіруде. Келесі тұрғын жаңбырлы күндері аулалар мен көшелерді су басатынына шағымданып, бұл тұрғындардың жүріп-тұруын қиындататынын айтты.
 
Барлық өтініштер назарға алынып, тиісті органдарға жолданады. Әр мәселе бойынша нақты шешім қабылдау үшін жұмыс жүргізілетін болады.