Бүгін, 3 қазанда, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста қала әкімдігі жанындағы жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерін қарау бойынша, терроризмге қарсы, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 44-152 шешімінің күшін жою туралы сұрақтар қаралып, бірауыздан сессияның қарауына жолданды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң қалалық мәслихаттың төрағасы С.Нұрқадыровтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LІ сессиясы өтті.
Сессия отырысында жоғарыда аталған сұрақтар толығымен бекітілді.