Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы С.Нұрқадыров Қоскұдық ауылына жұмыс сапарымен барды

Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы С.Нұрқадыров Қоскұдық ауылына жұмыс сапарымен барды
Кеше, 9 шілдеде, Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы С.Нұрқадыров Қосқұдық ауылына барып, өткен жылы жөнделген Алматы-Өскемен автожолынан ауылға дейінгі жолдың жағдайымен танысты. Ауыл тұрғындарының шағымдары негізінде ұйымдастырылған сапар барысында жолдың кейбір учаскелері жарамсыз күйге түскені анықталды. Айта кетейік, жолдың ағымдағы жөндеуі 2024 жылғы желтоқсанда аяқталған болатын.
 
Сапарға мердігер ұйымның өкілі қатысып, барлық ақауларды жою бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды. Сонымен қатар, С.Нұрқадыров бұл мәселеге байланысты осы жөндеу жұмысының тапсырыс берушісі болып табылатын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына депутаттық сауал жолдады.