Бүгін, 9 шілдеде, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Р.Иштиряков азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға «Спутник» шағынауданының белсенді тұрғыны келіп, аталған ауданның өзекті мәселелерін шешуге көрсеткен көмегі үшін депутатқа тұрғындардың атынан алғысын білдірді.
Сондай-ақ, «Ана сәулесі» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің мүшелері балаларды жаңа оқу жылына дайындау үшін «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетуді сұрады. Депутат бұл мәселе бойынша тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қабылдауға келген тағы бір көпбалалы ана жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлемдері тоқтатылғанын айтып, осы мәселе бойынша көмек сұрады. Бұл жағдай депутаттың жеке бақылауына алынды.