6 шілде - Астана күні

6 шілде - Астана күні

Қонаев қаласының мәслихаты баршаңызды Қазақстанның жүрегі болып саналатын елордамыздың төл мерекесімен, Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Астана – ұлт рухын асқақтатқан, жаңа ғасырдың жаңа беттерін ашқан, биік армандардың орындалуына жол ашқан ерекше қала. Бұл — тәуелсіз Қазақстанның жауһары, ел бірлігі мен болашаққа деген сенімнің символы. Елордамыз жыл сайын дамып, түрленіп, халықаралық аренада өзінің беделін арттырып келеді.

Астана — тек әсем ғимараттар мен заманауи инфрақұрылым ғана емес, ол — жастардың, арман қуған жандардың қаласы. Мұнда әр азаматтың жарқын болашаққа қадам басуына барлық мүмкіндік бар.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Астана күні құтты болсын!