Бүгін, 4 шілдеде, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның және қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамдарына өзгерістер енгізу, қала әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы сұрақтары және Қонаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі қаралды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң қалалық мәслихаттың төрағасы С.Нұрқадыровтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезекті ХLVІІ сессиясы өтті.
Сессия отырысында қала әкімі депутаттарға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берді. Депутаттар қала әкімінің атқарған жұмысына оң бағасын беріп, өңір экономикасының одан әрі даму қарқынын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдау ұсынылды.