2025 жылғы 23, 25 және 26 маусымдары Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Г.Исканова тұрғын үйлердің аулаларында өз сайлаушыларымен бірқатар есептік кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, аула инфрақұрылымын жақсарту, көше жарығы, балалар ойын алаңдарын жаңарту және санитарлық тазалық сынды мәселелерді талқылады.
Депутат көтерілген әрбір ұсынысты мұқият тыңдап, кейбір сұрақтар бойынша тиісті органдарға дереу сауал жолдады. Өз кезегінде Г.Исканова сайлаушыларға атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Ашық диалог пен сындарлы пікір алмасу форматында өткен кездесулер жергілікті тұрғындармен тығыз байланыстың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.