Бүгін, 13 маусымда, депутат И.Игисеновтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша атқарушы органдардың қызметі туралы, Қонаев қаласы және Шеңгелді ауылдық округінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақтары қаралды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң қалалық мәслихаттың төрағасы С.Нұрқадыровтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс ХLVІ сессия өтті.
Отырыс барысында Қонаев қаласы және Шеңгелді ауылдық округінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақтары бекітіліп, қалған сұрақ бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.