Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны болып табылады. Тәуелсіздігіміздің басты белгілері – көк туымыз, елтаңбамыз және әнұранымыз – біздің мақтанышымыз бен ұлттық рухымызды айшықтайды.
Қала маслихаты атынан барша қала тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Еліміздің көк туы әрдайым биік болсын, елтаңбамыздың шанырағы әрқашан берік, Әнұранымыздың үні әр жүректе жаңғыра берсін!
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің нышаны болып саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Қазақ елінің егемендігі мәңгілік болсын!