ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы облысы Қонаев қаласы мәслихатының аумақтық сайлау комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысының Қонаев қаласының мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссия жеті мүшеден тұратын құрамда құрылған.

Аумақтық сайлау комиссия құрамында бір бос орын қалыптасқан.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар 12 маусымға дейін, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 17 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша аумақтық сайлау комиссия құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) аумақтық сайлау комиссияның құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары қосымша 4, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері өтініш мәслихат сайтында орналастырылған.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Аумақтық сайлау комиссияның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 17 маусымға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қонаев қаласының мәслихаты

Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы - С.Н. Нұрқадыров.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй.

Жауапты адам - Мейіргүл Жолдасбайқызы Аметова, № 311 каб., қалааралық телефон коды (872772), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 41283, 40823, 87084593713, электрондық пошта мекенжайы - qonaev.maslikhat@mail.ru.

Қалалық мәслихат аумақтық сайлау комиссиясындағы бос орынға жаңа мүшені сайлайды: 

 

Сайлау комиссия атауы

Сайлау комиссия орналасқан объектісінің атауы

Сайлау комиссияның мекен-жайы

Бос орындардың саны

1

Аумақтық сайлау комиссиясы

«Орта мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шағын ауданы 4, ғимарат 62/2

1