2025 жылғы 23 сәуірде П.В. Афанасьевтың төрағалығымен Петропавл қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттіктері, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

2025 жылғы 23 сәуірде П.В. Афанасьевтың төрағалығымен Петропавл қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттіктері, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Қатысқандар: Ә.Р. Қалиева - комиссия мүшесі , Қ.М. Макина «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы.

Шақырылғандар:

С.В. Мелехов - қала әкімінің орынбасары, Қ.Д. Баймонкенов- Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, О.Л. Абдрахманова - «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ басшысы, А.Е. Мәкенов - «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ басшысының м.а., Ж.Е. Еркін - «Петропавл қаласының жер қатнастары бөлiмi» КММ басшысы, С.С. Өтебаев - «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысының м.а., Т.С. Зверяченко - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің доценті, А.Р. Рязапов - «Ботаникалық бақ - «Табиғат балалары» қоғамдық бірлестігінің басшысы.

 

Күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:

  1. Петропавл қаласын көгалдандыру жөніндегі жұмыс туралы дендрологиялық жоспар; қалалық саябақты, скверлерді, демалыс орындарын абаттандыру және реконструкциялау; «Мещанский орманының» тағдыры.
  2. Петропавл қаласында «Ақылды қала» бағдарламасының жұмыс істеуі.

 

Сөз сөйлеген:

А.Е. Мәкенов - «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ басшысының м.а.

С.С. Өтебаев - «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысының м.а.

 

Қарастырылған мәселе бойынша қаулылар қабылданды.