2025 жылғы 27 наурызда Петропавл қалалық мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар дел мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес комиссия Петропавл қаласының жалпы білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру мәселесі бойынша қала мектептеріне іріктеп мониторинг жүргізді.
2025 жылғы 28 наурызда Петропавл қалалық мәслихатында Л.С. Қайыржанованың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері қатысты: С.Ж. Сәбитов, Л.Ж. Жалмұқанова, Е.А. Семидоцких, Т.С. Жұманов.
Шақырылғандар: Қ.М. Макина – «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы, Г.Х. Ибраева - – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ басшысының м.а., А.Е. Мәкенов – «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының м.а., А.Е. Оспанова - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ бас маманы, А.В. Загороднова - «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ әдіскері.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1) Петропавл қаласының жалпы білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру туралы.
2) Халықтың әлеуметтік осал топтары санаты үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу туралы.