2025 жылғы 18 наурызда М.Ж. Ысқақовтың төрағалығымен Петропавл қалалық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының отырысы өтті.

2025 жылғы 18 наурызда М.Ж. Ысқақовтың төрағалығымен Петропавл қалалық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері - депутаттар: Ю.Г. Бацанов, А.Х. Саутов, С.П. Тимофеев қатысты.

 

Шақырылғандар: «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы Қ.М. Макина, «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы - М.Т. Ерханов, «Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының м. а. А.Е. Макенов қатысты.

 

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының 2024 жылға арналған жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қарау.

Сөз сөйлеген: «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы - М.Т. Ерханов.

  1. Петропавл қаласының аула аумақтарын абаттандыру жоспарын іске асыру. Петропавл қаласында камераларды тиімді орналастыру және орнату мәселесі.

Сөз сөйлегендер: «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының м. а. А.Е. Макенов.