Петропавл қалалық мәслихаттың 21 сессиясы

Петропавл қалалық мәслихаттың 21 сессиясы

2025 жылғы 27 ақпанда күн тәртібінің келесі мәселелерімен Петропавл қалалық мәслихаттың 21 сессиясы өтті:

1. Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары туралы.
2. Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақысын белгілеу туралы.
3. «Петропавл қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Петропавл қаласында 2025 жылы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау шығыстарының ең төменгі мөлшерін бекіту туралы.
5. «Петропавл қаласындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Петропавл қалалық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.