
2026 жылғы 24 маусымда Петропавл қалалық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес М.Ж. Ысқақовтың төрағалығымен отырысы өтті.
Отырысқа қатысқан депутаттар: Ю.Г. Бацанов, С.П. Тимофеев, Р.И. Евдаев, Б.Т. Қожахметов, Р.Р. Шарипов және «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы - Қ.М. Макина.
Шақырылғандар: Ж.С. Байқанов - «Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ басшысы, М.Т. Ерханов - «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы, А.Ә. Кенжеболатов - «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы, Әлжанов С.Д. - Петропавл қаласының Полиция басқармасының бастығы, Байбулов А.С. - «Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
Петропавл қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде бюджеттік түсімдер мәселесін қарау.
2026 жылғы 1 тоқсандағы Петропавл қаласының жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қарау.
Петропавл қаласында жол қозғалысын ұйымдастыру. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол ережесін бұзудың алдын алу.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын мониторингілеу және бақылау.