
Отырысқа комиссия мүшелері: Р.Р. Шарипов, Т.С. Жұманов және «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы - Қ.М. Макина қатысты.
Шақырылғандар: Ғ.А. Абаев - «Солтүстік Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ басшысының орынбасары, Ж.С. Садуев - «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысының м.а.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
Петропавл қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс туралы.
Қоршаған ортаны қорғау, ауаның ластануының жоғары деңгейімен күрес және Петропавл қаласында экологиялық салауаттылықты қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар.
Сөз сөйлегендер: Ғ.А. Абаев - «Солтүстік Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ басшысының орынбасары, Ж.С. Садуев - «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысының м.а.