«Депутаттық өкілеттіктері, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы»

«Депутаттық өкілеттіктері, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы»

2026 жылғы 2 сәуірде П.В. Афанасьевтің төрағалығымен Петропавл қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттіктері, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. 

Қатысқандар: Т.С. Жұманов, Ғ.А. Нұртаза — комиссия мүшелері, Қ.М. Макина — «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы, Г.М. Оспанова — Солтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының төрағасы, С. Д. Әлжанов — Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Петропавл қаласының нотариаттық қызметтер нарығының жай— күйі туралы.
  2. Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен, мектептердегі қорқыту оқиғаларымен, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен және балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресу.

Сөз сөйлегендер: Оспанова Г.М. — Солтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының төрағасы, С.Д. Әлжанов — Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы.