Петропавл қалалық мәслихат депутаттарының назарына!

Петропавл қалалық мәслихат депутаттарының назарына!

Петропавл қалалық мәслихатының залында 2026 жылғы 16 ақпанда  сағат 15-00-де  күн тәртібінің келесі мәселелерімен қалалық мәслихаттың  кезектен тыс 31 сессиясы өтеді:

  1. 2026 – 2030 жылдарға арналған Петропавл қаласының даму жоспарын бекіту туралы.
  2. «2026 – 2028 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 1/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Петропавл қаласында 2026 жылы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау шығыстарының ең төменгі мөлшерін бекіту туралы.
  4. Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  5. «Петропавл қаласындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.