2025 жылғы 22 желтоқсанда күн тәртібінің келесі мәселелерімен Петропавл қалалық мәслихатының 30 сессиясы өтті:
- 2026 – 2028 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетін бекіту туралы.
- Петропавл қаласының «ескі» кварталдарын кешенді қайта құру «Жаңа қала» бағдарламасын бекіту туралы.
- «Петропавл қаласы әкімдігінің дербес құрамы туралы» Петропавл қалалық мәслихаты 8 шақырылымының кезектен тыс 20 сессиясының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 1/20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 2/25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихаты 8 шақырылымының кезектен тыс 27 сессиясының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 3/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Петропавл қалалық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика және қоршаған орта салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі.
- Петропавл қалалық мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
- Депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, Петропавл қалалық мәслихатының қоғамдық ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі.
- Петропавл қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Петропавл қалалық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.